Индустия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.
«Оны аз деуге де, көп деуге де болмайды. Кәсіпорындарды сапа менеджменті жүйесіне зорлап енгізе алмайсың ғой. Әрбір мекеме оған өзі дайындалуы керек. Ол үшін өз ішіндегі өндірістік үдерістерді сәйкестендіріп, адамдарын оған үйрету керек», - дейді Нұрмұхамбет Әбдібеков. Оның пайымдауынша, Қазақстанда бұл үрдіс өз ретімен жүзеге асып жатыр. Сондықтан да алдағы 5 жылда сапа менеджменті жүйесін қабылдағандар саны 2 есеге дейін ұлғаюы мүмкін.