Саранда жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде 84 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Саран қаласында жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде 84 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылған,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

 Қарағанды облысының Саран қаласындағы Фурманов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт болды. Оның аумағы 70 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 84 жастағы зейнеткер әйелдің мәйіті табылған.

 Өртті жоюға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 26 адамы мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды.