Қарағандының көмір өнеркәсібі қазір қара жамылып отыр. Кеншілердің қаза болуы мүлдем доғарылуы тиіс деп есептейді сарапшы Арман Қашқынбеков. Оның пайымынша, жауапкершілік инвестор компанияға, сондай-ақ кеншілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне бақылау жүргізетін барлық өкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
«Өкінішке қарай, мұндай төтенше жағдай қазір қайғылы трендке айналды деуге болады. Конституциямызда ел азаматының өмірі мемлекет үшін басты байлық болып табылады. Сондықтан осы секілді оқиғаларға мұқият тергеу жүргізіп, болашақта бұған жол бермеу үшін маңызды және қатаң шаралар қабылдау қажет. Бұл инвестор, әкімдік және Үкімет тарапынан бірлесе қабылдануы тиіс. Сұраныс та барлығынан болуы керек. Кінәлілерді Қазақстан азаматы ма, жоқ па, оған қоса шендеріне қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет», - деп есептейді Арман Қашқынбеков.
Ал «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға келетін болсақ, компанияның болашағы зор, яғни комбинат пен шахталар әлі де бірнеше ондаған жылдар жұмыс істейтін болады. Бірақ ол үшін ең алдымен еңбек қауіпсіздігі туралы мұқият ойлану қажет. Себебі бұл алпауыттар жұмысшылардың арқасында жұмыс істеп, пайда тауып жатыр.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында 3 бөлімше бар: көмір, болат және темір рудасы. Қарағанды көмір бассейнінің кокстелетін көмірі негізінен Теміртаудағы металлургия комбинатында шойын, одан әрі болат балқытуға жұмсалады. Еліміздің болашақ өнеркәсібін болатсыз елестету қиын болғандықтан, Қарағанды көмір өндірушілерінің де Қазақстанды декарбонизациялау туралы жарияланғанына қарамастан, алдағы жылдарда жұмыс істейтін әлеуеті зор. Сонымен қатар, АМТ-да компания қызметкерлерінің нөлдік жарақаттануын қамтамасыз ететін «Way to 0» бағдарламасы бұрыннан қабылданған. Инвестордың бірінші басшылары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың тікелей жауапкершілігімен оны қайта қарап, талаптарын күшейту қажет», - деп атап өтті Арман Қашқынбеков.
Қарағанды көмір бассейнінің әлі де бай екендігі дәлелденген. Шамамен 10 жыл бұрын қорларында 1 миллиард тоннадан астам кокстелетін көмірі бар кен орындарын зерттеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, бұл кеншілерді алдағы жылдарға жұмыспен қамтамасыз етудің кепілі болды.
«Қарағанды көмір бассейнінің кен орындарында 700 млрд текше метрге дейін метан газы бар деп есептеледі. Бұл іс жүзінде Сарыарқа орталығындағы екінші алып Қарашығанақ деуге болады, ол электр энергиясын өндіруге, ең алдымен, болашақта шахталарда осындай ТЖ қаупін азайтуға пайдалы болуы мүмкін. Энергетика министрлігінің баламалы энергия түрлерін қолдау жөніндегі заң жобасын әзірлеуді және қабылдауды жеделдету қажет. Бұл мәселеге қатысты бір жыл бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент тапсырма берген», - деді Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Арман Қашқынбеков.
Фото: ТАСС/ Донат Сорокин