деп хабарлайды елдің Орталық сайлау комиссиясы.
Дегенмен, комиссиядағылар, орын алған кішігірім заң бұзушылық фактілердің бәрімен айналысуға уәде беріп отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Халықаралық байқаушылар, Украинадағы президенттік сайлаудың әділ және ашық өткенін мәлім етуде. Сарапшылар анау айтқандай заңбұзушылықтарды байқамаған.
Жексенбі күні өткен президенттік сайлау бойынша Украина Орталық сайлау комиссиясының алғашқы ресми мәліметтері жария етілді. Ол мәліметтерге сүйенетін болсақ, Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович 49,21 пайыз дауыс, ал Премьер-министр Юлия Тимошенко - 45,15 пайыз дауыс алып отыр. Сайлаушылардың 4,49 пайызы бірде-бір кандидатты қолдамаса, 1,13 пайыз бюллетень - күші жоқ деп танылды. Украинаның орталық сайлау комиссиясына келіп түскен мәліметтер бойынша, дауыс беру аяқталған кездегі (мәскеу уақыты бойынша сағат 21.00) сайлаушылардың белсенділігі 69,9 пайызды құраған.
Еxit polls мәліметтері бойынша, В.Януковичтің Ю.Тимошенкодан басымдығы 4-5 пайызды құрап отыр.