Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, екпіні 25 м/с болады. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.