«Әзірге өз қуатының жартысын ғана пайдаланып отырған кәсіпорындағы сынақтық кезеңде қазірдің өзінде 1 мың тонна тауық еті өндірілді. Жыл соңына қарай оның көлемі 3,5 мың тоннаға жетпек. Ал келесі жылы 16 мың тоннаға, ал болашақта ол 20 мың тоннаға дейін ұлғайтылмақ. 350-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны болашақта ТМД елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр», - дейді М. Уәлиев. Оның айтуынша, заманауи озық технологиялармен жабдықталған кәсіпорында барлық жұмыс автоматтандырылған. Ондағы инвестицияның жалпы көлемі 4,2 млрд теңгені құрауда.
15:40, 25 Қазан 2013
«Сары-Бұлақ» сынақтан сәтті өтті
АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - 2014 жылдың алғашқы тоқсанында ресми түрде ашылатын Алматы облысы Іле ауданындағы тауық етін өндіретін «Сары-Бұлақ» компаниясы» ЖШС-нің жаңа кәсіпорны сынақтық кезеңнен сәтті өтті. Алматы облысындағы ірі кәсіпорынның экологиялық таза өніміне қазірдің өзінде ресейліктер қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында өндіріс орнымен танысуға келгенде кәсіпорын директоры Мұрат Уәлиев айтты.