Бұл туралы "Замана" газеті жазды.
Тұрғындар Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың, Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріптің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің атына үндеу хат жазған.
Оған Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бастығы, мәслихат депутаттары және тағы бірқатар жергілікті атқамінерлер қол қойыпты. Үндеуде сарыағаштықтар діни ағымдар, секталар бүгінгі таңда әлем халықтарын алаңдатып отырған мәселеге айналғанын тілге тиек ете отырып, ел арасына іріткі салатын діни секталардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.