«Награданы оған қауымдастық президенті Айжан Садықова Жаңа жыл қарсаңында Түркияда өткен «Шекарасыз реабилиталогия» атты халықаралық конференцияда табыс етті. Курорттық Афион қаласында өткен конференцияда Қазақстан мен Түркияның дәрігерлері бас қосты», деп түсіндірді К.Серікбаева.
Әселхан Жүнісов конференцияда «Сарыағаш» шипажайының таныстырылымын өткізді, қазақстандық атақты шипажайда емделудің басымдықтары туралы баяндама жасады.