ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қайын енесімен ұрысып қалған келіншек сәбиімен бірге Келес өзеніне секіріп кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған.
Қайын енесімен ұрысып қалған келіншек емханаға барар жолда өзін және сәбиін өлтіруге бел байлаған.
Содан Келес өзенінің суына қызымен бірге секіріп кеткен. Сол кезде үш айлық сәбиі суға тұншығып қалған.
Түркістан облысының қылмыстық істерге мамандандырылған ауданаралық соты жас ананы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Келіншек 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.