«Сарыарқа» клубы ресейлік ойыншылармен толықты

ҚАРАҒАНДЫ.  Қарашаның  9-ы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -  Қарағандылық «Сарыарқа»   хоккей клубының  басшылығы    команданы күшейту  туралы шешім қабылдады,

деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен.

Клуб басшылығы  екі   ойыншыны: қорғаушы Дмитрий Шалабанов пен  шабуылшы Алексей Обуховты кері шақырып алды.  Қазақстанның ағымдағы чемпионатында   бірінші  айналымның  қорытындысы  бойынша   «Сарыарқаның»  қатарын    Ресей  чемпионатының күшті  деген дивизионында     ойнаған үш   шабуылшы мен бір қорғаушы  толықтырып  отыр.

Клубқа Ярослав  хоккей клубының өкілі, соңғы  кезде  «Прогресс»   қатарында  (Глазов  қаласы) өнер  көрсетіп келген 38 жастағы Владимир Иванцов   келді. «Сарыарқа» басшылығы    шебердің  тәжірибесі жастарға   пайдалы  болады  деген үмітте.   Басқа жаңа ойыншыларға келетін болсақ,  олар:   магнитогор   хоккей мектебінің  тәрбиеленушісі, бұған дейін «Мечел»  клубында ойған 27 жастағы  Алексей Зоткин,   Электросталь   хоккей мектебінің    тәрбиеленушісі,     бұған дейін  «Рысь»  клубы  үшін  өнер көрсеткен   31 жастағы Антон  Ульянов,   Пермь  хоккей мектебінің  тәрбиеленушісі,  бұған дейін  «Нефтяник»  клубында  ойған   27   жастағы  Роман Долгих.