АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласындағы мұз айдыны сарайының жұмысы 2016 жылдың қаңтар айында қайта жанданады. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Сәтбаев қаласындағы мұз айдыны сарайының жұмысы мұздатқыш құрал-жабдықтың істен шығуына байланысты тоқтатылған. Бұл мәселені шешу үшін үстіміздегі жылдың желтоқсан айында қажетті құрал-жабдықты мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланады. Іске қосу 2016 жылдың қаңтарына жоспарланған. Бұл мәселе одан ары қаралу үшін Қарағанды облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына табысталды», - деді А.Мұхамедиұлы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.