Жол-көлік апаты 26 шілде күні «Жезқазған-Сәтбаев» күре жолында «Меридиан» саяжай қоғамында орын алды. Белгісіз көлік 9 жастағы баланы қағып кетті, Ол басынан алған жарақаттармен Жезқазған қаласындағы аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта көлік пен жүргізушінің жеке тұлғасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.