Сәтпаев қаласында 16 жастағы бозбаланы құрдастары пышақтап кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында төбелес болып, 16 жастағы бозбала қаза тапты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Сәтпаев қаласында болған төбелес фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәтбаев қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында жанжал кезінде марқұмды пышақтап тастаған 15 жастағы жасөспірімді қолға түсірді», делінген хабарламада.

Қазір күдікті ұсталды, уақытша тергеу изоляторына қамалды.