2025 жылы жазаланғандар арасында қылмыс жасады деп болжанған сәтте кәмелет жасына толмаған екі жас, бес әйел және бір журналист бар екені атап өтіледі.
Өлім жазасына кесілгендердің шамамен үштен екісі есірткіге қатысты қылмыстар үшін сотталған.
2023 жылы Сауд Арабиясы билігі есірткіге қарсы қатаң күрес жариялаған. Der Spiegel басылымы корольдік каптагон есірткісінің ірі нарықтарының бірі саналатынын, ал оның ең ірі өндірушілерінің бірі Башар Асад тұсында Сирия болғанын еске салады.
Reprieve ұйымы Сауд Арабиясын «бақылау басталғалы бергі ең қанды жылды өткерген ел» деп сипаттады.
Өлім жазасының бұдан да көп саны әлемде тек екі мемлекетте — Қытай мен Иранда тіркелген.
Айта кетейік, БҰҰ Иранды өлім жазасына мораторий енгізуге шақырды.