деп хабарлайды РБК агенттігі.
Тұтқындалғандардың ішінде - 58 сауд, 52 йемен, бір-бірден - Сомали, Эритрея және Бангладеш азаматтары бар. Олардың барлығы «Әл-Кайедамен» байланысы бар үш лаңкестік топтың құрамына кірген. 12 адамды полиция Йеменмен шекаралас аумақта жүргізілген экстремистер базасын жою операциясының барысында ұстады.
Саудия Ішкі істер министрлігінің өкілі Мансұр ат-Түркидің мәлім етуінше, лаңкестер Корольдіктің шығыс уәлаятындағы мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші өнеркәсіп нысандарына щабуыл жасауды жоспарлаған. 12 лаңкес жанкешті болуға дайындалған.
Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралардың арқасында, лаңкестер ұсталып, олар жоспарлаған лаңкестік әрекеттердің алды алынды.