НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдау жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нан және кондитер өнімдерін сырты қапталған күйінше сатқан дұрыс. Сонымен қатар, азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Сауда және интеграция министрлігі бұған дейін ірі сауда орталықтарына 10:00 мен 18:00 аралығында жұмыс істеу жөнінде кеңес берген еді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.