деп хабарлайды ҚазАқпарат.
В. Дворецкий бұл қадам бағаның жөнсіз өсіміне тосқауыл болар тетіктердің бірі деп санайды. «Дағдарыс - Әлемдегі барлық елдерде бағаны мемлекеттік реттеудің тетіктері жеткіліксіз екендігін көрсетті», дейді ол. «Еуропа, басқа да елдерде бұл мәселе қалай шешілуде, негізгі тауарлардың бағалары қалай ретке келтіріліп отырады? Ол жақта ең танымал реттеу құралы - Ар-намыс кодексі. Кодекс ерікті түрде қабылданғанымен, оның қағидаттарын бұзу әртүрлі санкцияларға әкеп соқтырады», деп атап көрсетті В. Дворецкий.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта көптеген желілік, ірі сауда орындары ашылуда. Оның иесі бір адам болғандықтан, ол өзінің нарықтық күшіне пайдалана отырып, өзінің талаптарын қояды. Бұл өз кезегінде тауардың құнына әсер етеді.
«Сауданың әр саласындағы кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілері баға өсіру арқылы емес, өндіріс тиімділігін арттыру арқылы бәсекелестікке төтеп беруі тиіс. Яғни өндірістік шығындарын азайтып, пайдасының көлемін ұлғайтуы тиіс», дейді ол.
Бүгінгі дөңгелек үстелдің базалық ұсыныстары ретінде ҚР Парламенті мәжілісінде барлық мүдделі топтардың қатысуымен арнайы комиссия құру жайы айтылды. Бұл комиссия баға саясатының заңнамалық тетіктерін қалай жетілдіруге болады деген сұрақтың төңірегінде жұмыс жасайды.
Дөңгелек үстелде Ауыл шаруашылығы министрлігінен, Экономикалық даму және сауда министрлігінен, Бәсекелестікті қорғау агенттігінен, Кедендік бақылау комитетінен, салық органдарынан мамандар келіп қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның кәсіпкерлік қауымдастықтарының өкілдері болды. Қатысушы сарапшылар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасындағы сауда-саттық бағалары мен қызметтердің бағасын реттеуге қатысты тұстарын жетілдіруге арналған ұсыныстарды қабылдады.