деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«Тұтыну бағаларының индексі 2010 жылғы сәуірде 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 4,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 1,6 пайызға, ақылы қызметтер көрсетуге - 4,1 пайызға қымбаттады. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы сәуірде 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты», делінген Агенттіктің бүгінгі таратқан хабарламасында.