Сәуірдің 20-сынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық иммунитеттеу апталығы басталады

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Сәуірдің 20-сынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық иммунитеттеу апталығы басталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ол Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізілуде. Облыстың қалалары мен аудандарындағы емханалар жеті күн бойы толық күшінде жұмыс істейтін болады. Дәрігерлер түрлі себептермен жұқпалы ауруларға қарсы егілуден өтпегендердің барлығын иммунитеттеу шарасынан өтуге шақыруда. 20 мен 29-дың арасындағы жастар - сіреспе, дифтерия, "В" вирустық гепатиті, балалар ? эпидемиялық паротит, қызылша сияқты ауруларға қарсы тегін егілетін болады. Апталық барысында санитарлық-ағарту жұмыстары белсене жүргізіледі.