Ел аумағында және Қытайдың шетелдегі барлық елшіліктері мен консулдықтарында мемлекеттік жалаулар түсіріледі, бұқаралық ойын-сауық шаралары тоқтатылады.
Цинхай провинциясының Юйшу ауданындағы зілзаланың салдарын жою жөніндегі штабтың мәліметіне сүйенсек, сәуідің 20-сы күнгі сағат 10.00-дағы жағдай бойынша (жергілікті уақыт) зілзала құрбандарының саны 2046 адамға жетті, 193 адам - із-түзсіз жоғалғандардың санатында, 12 135 адам түрлі жарақат алды, оның ішінде 1434 адам ауыр жағдайда жатыр.