деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Агрегатты іске қосу рәсіміне бүгін Хакасияға екікүндік сапармен келген Ресейдің премьер-министрі Владимир Путин қатысты.
Ресейдің ірі гидро-электр стансысы саналатын Саян-Шуша стансысында өткен жылы тамыздың 17-сінде үлкен апат орын алып, оқиға салдарынан 75 адам қаза болған еді. Төтенше оқиғаның салдарынан стансыдағы 10 гидроагрегаттың үшеуі қирап, алтауы зақымданған еді.
Стансыда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.