Ел өкіметі аты-жөнін жария етпей отырған әлгі азамат Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Австрияның шығысында қара жұмыс істеген еврейлерді өлтіргені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.
Еврейлердің өлтірілуін зерттеген Вена университетінің саясаттанушы студенті, бұрынғы нацистің осынау қылмысқа қатысы болғанын және оның бұған дейін басқа іс бойынша сотқа тартылып, бірақ сол күйі жазасын өтемегенін анықтаған.