Бұл жайында БАҚ пен саяси партиялардың қарым-қатынасына талдау жүргізушілер бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сарапшылардың айтуынша, республикадағы телеарналардың бір бағытта ғана хабар таратуы сирек кездеседі, олар көрермендерге ақпараттық және сараптамалық бағдарламаларды ұсынады. Радиостансылардың көбі көңіл көтеретін бағдарламалар таратады, қысқа ақпараттық блок сирек, ал саяси-қоғамдық тақырыптағы ток-шоулар тіптен аз.
«2009 жылдың қараша-желтоқсанындағы талдау аясында масс-медиаға жүргізілген өлшемдер сериясының нәтижесі көрсеткендей, мемлекеттік органдар мен олардың өкілдерінің қызметі жайлы ақпарат республика БАҚ-да 35-тен 65 пайызға дейінгі үлеске ие. Саяси партиялардың жетекшілері БАҚ-на жағдайға баға беруші сарапшы ретінде өте сирек шақырылады. Басылымдардың басым көпшілігі партия басшыларына БАҚ беттерінен сөз беруден бас тартады, мұны олар «бұл тек жарнама, басқа ештеңе емес деп түсіндіреді», дейді жоба менеджері Дінмұхамед Зиядин.
Сондай-ақ ол қазақстандық саяси партиялар БАҚ пен тек сайлау алдында ғана белсенді түрде жұмыс істейтіндігін, сайлаудан кейін керісінше болатындығын жеткізді.