Сайлау Қазақстанда демократиялық құқықтық мемлекет құрудың тағы бір маңызды қадамы болды

ҚОСТАНАЙ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда 3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысына арналған кеңес болып өтті.

Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин жиналғандарды сайлаудың жақсы өтуімен құттықтады.

«Сайлау халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасының заңдарына толық сәйкес келетін, әділ әрі демократиялық тұрғыда өтті», - деп атап өтті облыс әкімі.

С.Кулагин Қостанай облысындағы халықтың 94,2 пайызы дауыс беруге қатысқанын және тәуелсіз Қазақстан тарихында сайлауға халықтың осындай белсенділікпен қатыспағанын атап өтті.