Щучье қаласында А.Қазымбетовтің жүлдесі үшін еркін және әйелдер күресінен турнир өтуде (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье қаласында ҚазКСР-ның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетовтің құрметіне 1999-2000 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында еркін және әйелдер күресінен дәстүрлі турнир өтуде.

Турнирдің ашылуы салтанаттына қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина жарысқа қатысушыларды құттықтай келе, ҚазКСР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Ахметжан Қазымбетов туралы өзінің жылы лебізін білдірді. Салтанатты шара барысында елімізде күрестің дамуына зор үлес қосқан азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды. «Жақсы» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің 11 өңірінен келген 38 және 100 келі салмақтағы 200 астам спортшы қатысып, бақтарын сынауда. Оның ішінде Ақмола облысының абыройын 64 ұл мен 13 қыз бала қорғауда. Турнир үш күн бойы жалғаспақ. Айта кетейік, аталған турнир аясында марқұм ҚазКСР-ның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, КСРО-ның құрметті спорт шебері Ахметжан Қазымбетовтың 80 жылдыған мерейтойына арналып шығарылған «Арда ұлы Алаштың» кітабының тұсаукесері өтті. Оны аталған кітаптың авторы журналист Бақыт Смағұлов таныстырып өтті.