деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан орталығында құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген құрылысшылар бригадасының жетекшісіне жарақат салатын тапаншадан оқ атылған. Көз қарашығы зақымданған жергілікті тұрғын сол мезетте ауруханаға жеткізіліп, ем-дом қабылдаған. Жарақат салушы - осындағы бір дәмхананың күзетшісі 300 мың теңге алашағын осылай өндіріп алмақ болған. Қазір күдікті қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК-сінің 132-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.