«Оның көрсеткен азаматтық позициясына, әлеуметтік жауапкершілігіне ризашылығымызды білдіріп, сыйлық беріп жатырмыз. Балаға сыйлық қатты ұнады. Өйткені, оның велосипеді бұзылып қалған екен. Сондай-ақ, осындай баланы тәрбиелеп жеткізген ата-анасына үлкен рахмет», - деді Санжар Боқаев Фейсбуктағы парақшасында.
Оның айтуынша, сел қалдықтарын тазалауға жергілікті халыққа қол ұшын созған өзге еріктілер де жақын күндері алғыс хатқа ие болады.