Таратылған ақпаратқа сәйкес, ЖЭО-ның №6 қазандығы 18 қаңтар күні кешкі сағат жеті жарымда іске қосылды. Ал 5-қазандықта жөндеу жұмыстары әлі жүргізілуде. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, барлығы алты қазандық (№1, 2, 3, 4, 6 және 7) жұмыс істеп тұр. Жылу орталығынан шыққан температура - 73, айналымдағысы 48 градусты көрсетіп тұр.
Қалпына келтіру жұмыстарын «Жылукоммэнерго» МКК жүргізуде.