Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қарағанды облысының Приозерск қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлім етті.
Вице-премьер өз сөзінде атап көрсеткендей, барлық деңгейдегі әкімдер өздеріндегі жылумен жабдықтау жүйелерінің жағдайын жіті қадағалап отырулары керек. «Жылу беру маусымына жоғары дайындық туралы берілген есептердің әрқашан шындыққа жанаса бермейтінін бүгінгі жағдайдан көріп отырсыздар», - деді ол өз сөзінде.