21:27, 17 Сәуір 2009
Семей педагогикалық институтының дайындық курстарында қазақ диаспорасының өкілдері оқитын болады
СЕМЕЙ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей мемлекеттік педагогикалық институты Қытай, Моңғолия және басқа да елдерден тарихи отанына оралған қазақ диаспорасы өкілдері үшін дайындық бөлімін ашқан ШҚО-дағы С.Аманжолов атындағы университеттен кейінгі екінші жоғары оқу орыны болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.СМПИ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, профессор Михаил Паниннің айтуынша 100 адамнан тұратын болашақ тыңдаушылар курсының тобы жасақталған.«Біз бұған дейін қазақ диаспорасы үшін осындай оқу бөлімін ашуға рұқсат беру жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне бірнеше рет өтініш білдірдік», - дейді М.Панин. ? Бұрындары мұндай бөлімдер Қазақстанда 15-шақты болатын, кейіннен олар 9-ға дейін қысқартылды. Мұны бізге министрліктегілер қазақ диаспорасының кеміп кетуімен байланысты деп түсіндіруге тырысты. Бірақ, басқа елдерден келген жастардың көпшілігі біздің институтте оқығылары келетінін біз жақсы білеміз. Ақыры рұқсатқа қол жеткіздік».