Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Қазақстан мемір жолы» ҰК» АҚ құрған арнайы комиссияның мәліметі бойынша, вагондардың сырғуына алтыншы вагонның қапталының сынуы себеп болған. Темір жол төсемінің 400 метрі бүлінген. Оқиға орнында екі қалпына келтіру поездары жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ 70-тен аса маман жұмылдырылған.
Апат салдарынан кешігіп жатқан жолаушыларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ автобустары тиісті жерлерге жеткізуде.