Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жалпы алғанда, жедел жүргізілген мониторингке сәйкес былтырғы жылы ҚР Бірыңғай энергетикалық жүйесінде 269 техникалық тәртіп бұзушылық анықталған.
Есеп беру кезеңі ішінде Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитеті энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы жұмыстың қауіпсіздігі үшін кешенді шараларды қолға алған. Сонымен қатар Комитет бөлімшелері аумақтық құрылымдары қызметінің төмен деңгейде ұйымдастырылып, жылу беру маусымының сапасыздығына бақылау нашар жүргізілгендігі де айтылды.
Кеңесте Комитет төрағасы А.Тұрлыбеков осы жылу беру маусымының апатсыз өтуі мен келесі жылу беру маусымына дайындық үшін қажетті міндеттер мен мақсаттарды атап өтті.