Қызметкерлер тұрақтағы көліктерін бояп, кейін оған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін орналастырып, автошерумен Жеңіс саябағына аттанды.
Ардагерлер басқарма қызметкерлерімен бірге Мәңгілік алауға Даңқ гирляндасы мен гүл шоқтарын қойды. Шараға сонымен қатар ЖОО студенттері мен «Жас Ұлан» мектеп-лицейінің курсанттары қатысты.
Шарадан соң соғыс ардагерлері Амажол Әзімбаев, Исағали Топатаев, Людмила Соколова, Лариса Шиловаға, сонымен қатар тыл еңбеккерлері Айтқожа Таңқаев, Есхан Исаханов, Юрий Мерещанов және мемлекеттік кіріс басқармасының зейнеткерелірен сыйлықтар ұсынылып, олар концертке шақыртылды.