16:10, 06 Сәуір 2009
Семейде дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесі өтті
СЕМЕЙ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен сенбіде дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бір күнде 4 тоннаға жуық қой, сиыр, жылқы және шошқа еті, жеміс-көкөніс өнімдері ? барлығы 4 миллион теңгеге жуық азық-түлік саудаға түсті.Қалада жыл бойы дәстүрлі жәрмеңке сенбі сайын үзіліссіз өткізіліп келеді. «Турист» қонақүйінің маңындағы алаңда шаруа қожалықтары өз өнімдерін делдалсыз тікелей өткізді. Аймақтың 30 шаруашылығы қатысқан бұл жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы базар нарқынан әлдеқайда төмен болды.