Өрт сөндірушілердің оқиға орнына келген кезде 5-ші қабатта электр қалқанындағы сымдар өртеніп, жалын шатырдың ағаш құрылыстарына тараған. Үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп жатты. Басқа пәтерде сымдарды ұзартқыш жанған.
Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ.
Өрт сөндірушілерді ыс иісін сезіп, түтінді байқаған бесінші қабаттың тұрғындары шақырған.
Тілсіз жау екі сағатқа жуық уақыт ішінде сөндірілді, оның шығу себептері анықталуда.