Қолөнер шығармашылығы көрмесін ұйымдастыру үшін Семей қаласына жұма күні-ақ өскемендік шеберлер мен оқушылардың қолөнер туындылары тиелген көлік жеткен еді. Семейде өткізілген Өскемен күндері барысында көрмеден бөлек, облыс орталығының әртістері мен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етсе, бизнес адамдары халыққа өз тауарларын ұсынды.
11:36, 08 Қараша 2010
Семейде Өскемен күндері өткізілді
ӨСКЕМЕН. 8 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен демалыс күндері Семей қаласында «Туған бесік - алтын бесік» акциясы шеңберінде Өскемен қаласының күндері өткізілді.