Семейде түлектерді жұмысқа орналастыратын орталық ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған түлектердің кәсіби деңгейін одан әрі шыңдап, қабілетін арттыруға кеңес беретін орталық ашылды, www.24.kz.

Жаңа ұйым халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін болады. Ол жерде студенттерге жұмыс тауып берумен қатар білікті маман болып қалыптасуына да көмектеседі. Бүгінде орталықтың арнайы сайты да ашылған. Ғаламтор арқылы жастар жұмыс берушімен тілдесіп, өзінің қабілетін көрсету арқылы болашақта сол жерге жұмысқа орналаса алады. 

"Келешек мамандарды жан-жақты дайындайды. Ол бір бағытта ғана емес, мемлекеттің қойған талаптарын іске асыру жолдарында жұмыс істейді. Өзіміздің оқу орнының ұстаздары, шетелдік мамандар, озық тәжірибелі мамандар келіп, студенттерді сол сатыда дайындап, өсіреді", - дейді ғалым, профессор Зейнолла Тоқаев.