Халықтың әлжуаз ортасындағы АҚТҚ жұқтырудың алдын алудың волонтерлер бағдарламасы ретінде осы инфекциямен өмір сүріп отырған адамдар тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғамдық қордың жетекшісі дәрігер-эпидемиолог Нәйла Мамырбекованың айтуынша, қоғамдық қорға өмірлік проблемалармен - АҚТҚ жұқтырған - инфекция байланыстыратын түрлі әлеуметтік орта өкілдері енді.
Қордың міндеті - АҚТҚ жұқтырған адамдарды мемлекеттің және жеке сектордың кемсітуінен қорғау, оларға психологиялық жағынан көмек беру, қоғамда өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау.
Қазіргі уақытта Семейде АҚТҚ жұқтырған 138 адам өмір сүреді. Олардың 7-еуі әйел және 1-еуі екі жасар бала, сондай-ақ АҚТҚ жұқтырған әйелдер туған 2 бала.