Семейдегі оралман-студенттер қарағайлы орманды қайта қалпына келтіруге қатысуға өз қатарластарын шақырады

СЕМЕЙ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей қаласындағы оралман-студенттер бүгін Қазақстан жастарына және басқа да оралмандарға қарағайлы орманды қайта қалпына келтіруге, Ертіс өңірінің экологиялық ахуалын жақсартуға белсене қатысуға шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Туған Отанына оралған 10 студент-оралман осыдан төрт жыл бұрын «Қазақ тілі» қоғамы жастар қанатының қолдауымен Семейде «Алтай» қоғамдық бірлестігін құрған болатын.«Алтай» қоғамдық бірлестігі өзінің кезекті акциясы ретінде бүгін Ертіс өңіріндегі бірегей қарағайлы орман қатарын ұлғайту үшін ағаш отырғызу жоспарын жария етті. Студенттердің бастамасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Әпсәлемов пен «Нұр Отан» ХДП аймақтағы филиалы қолдады.Біраз жылдардан бері қаладағы қоғамдық ұйымдар орманды қалпына келтіру шараларына ұдайы қатысып келеді.«Алтай» жастар қозғалысының мүшелері сәуірдің 18-інде қарағайлы орманда өздеріне бөлінген жер теліміне 100 ағаш көшетін отырғызады.