Барлық әскери бөлімшелердің өкілдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық жүгіруге қатысты.
Семей гарнизонының әскери бөлімшелерінде дене дайындығына ерекше назар бөлінеді. Бұны 3 километрлік марафонда ерлермен қатар әйел жауынгерлердің де қатысуы дәлелдеп отыр.
Спорттық шаралардың ұйымдастырушылары жоғарғы көрсеткіш емес, денсаулықты дәріптеуді, дене дайындығы мен әр қатысушының жауынгерлік ептілігін арттыруды мақсат еткен.