Бүгін Семей қаласындағы Дулатов көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт болып, жалын баспалдақ алаңына дейін жайылды. Жалын тілі 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан түрлі жарақат алған үш адам: 1941, 1991 және 14 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 24 адамы мен 3 техникасы қатысты.