Жұма, 27 сәуірде Семей қаласының Достоевсий көшесі, 98 үйде орналасқан 5 пәтерлі үйдің 1-ші және 2-ші қабаттағы төбе жабындысы, баспалдақ өртенді. Тілсіз жау 170 шаршы метрді шарпып өтті. ТЖ орын алған жерде 3 жасар баланың мәйіті табылды, иіс тиген 60 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 38 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.