«Кітапқа кезінде Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің наградаларымен аталып өткен ардагерлер туралы толыққанды мәліметтер кіреді. Олардың қатарында - «Жеңістің 60 жылдығы», «Ленинградтың 250 жылдығы» медальдарымен марапатталғандар, Ленинградты қорғауға атсалысқан ардагерлер, теңіз флотында қызмет еткендер және «Адмирал Кузнецов» медалімен аталып өткендер бар», - дейді орыс ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары Надежда Козырева.
Осыдан бес жыл бұрын Семейде осындай 38 ардагер бар-тын, қазір 23 қана ардагер қалды.