Салтанатты жиында Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Исабаева көп балалы аналарды қала басшылығы атынан шын жүректен құттықтап, оларға салтанатты түрде наградаларын табыс етті. "Біз сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, алғыс білдіреміз. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, егеменді еліміздің еңсесін көтеруде зор үлес қостыңыздар ", - деп атап өтті З.Исабаева.
Өз кезегінде аналар Елбасының осынау қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмыстарына сәттілік тіледі.