Бұл туралы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады.
Шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің ректоры Шырын Құрманбаева, ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев, «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының директоры Аман Рахметуллин, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұхтар Баймағұлов және жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының мән-маңыздылығы, Елбасының ел алдына қойған жаңа міндеттері талқыға салынды.
«Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының директоры Аман Рахметуллин атап өткендей, Елбасының жаңа Жолдауы «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру жолдарын нақты белгілеп берді. Жылдың бас құжатында мемлекетіміздің әрі қарай даму бағытындағы басымдықтар белгіленген. Әсіресе, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына екпін түсірілген. Сондай-ақ, Елбасы білім мен ғылымға, әлеуметтік, экологиялық салаларға жете мән беру керектігіне тоқталды.
Жастар ұйымдарының өкілдері өз сөздерінде «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауда айтылған бастамаларға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
«Қазақстан «Мәңгілік елге» айналуына үшін әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс. Бұл - баршаға ортақ міндет. Біз сонда ғана алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосыла аламыз», - деп жиынды қорытындылады «Жастар орталығының» директоры Қайсар Еркінбаев.