Заң жобасының мақсаты «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсету тәртібін жетілдіруді көздейтін осы Келісімді ратификациялау болып табылады.
Атап айтқанда, ғарыш айлағының персоналына және Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді Ресейдің денсаулық сақтау ұйымдары, ал Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына - Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын болады.
Заң жобасы палатаның қарауына ұсынылады.