НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Бақыт Мелдешов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешовтің конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталды. Сондықтан Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары оны Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінен босатуы қажет.
«Еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген Бақыт Сәрсенбайұлына ризашылық білдіреміз және болашақ қызметінде толағай табыстар тілейміз», - деді Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.