«Сенаттағы талқылаулар барысында 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстары біршама өзгеріске түсті. 37,6 млрд. теңге іздеп табылып, ол бюджет ішінде қайта бөлініске түсті. Мәселен, сенаторлардың ұсынысына сәйкес, ауызсу, балық шаруашылықтарына - 8,2 млрд. теңге, білім беруге - 2,7 млрд. теңге, денсаулық сақтауға -400 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына - 2 млрд. теңге, жылу энергетика жүйесін дамытуға - 4,8 млрд. теңге, елді мекендерді газдандыруға - 4 млрд. теңге, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге 649 млн. теңге және т.б. салаларға бөлінді», - деді заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Қайрат Ищанов.
14:29, 12 Қараша 2010
Сенат Тәуелсіздіктің 20 жылдығын меркелеуге арналған қаржыны қосымша 640 млн. теңгеге арттыруды ұсынды
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сенат ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған қаржыны қосымша 649 млн. теңгеге арттырды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.