Сенатор А.Башмаков: Елбасы Жолдауы - заманауи Қазақстанның жылнамасы

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауы заманауи Қазақстанның жылнамасы іспетті. Бұл туралы бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жолдауды түсіндіруге арналған кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков айтты.

«Жолдау - Мемлекет басшысы ең маңызды әрі қажет бағыттарды белгілеп берген ең негізгі құжат. Жолдау еліміздің басты саяси құжаты болып табылады», - деді А.Башмаков.

Оның айтуынша алдыңғы Жолдаудан кейінгі Жолдауға одан әрі дамыту мен толықтыруды талап ететін тек маңызды мәселелер ғана өтіп отырады. Сондай-ақ жаңа Жолдауда 80-нен астам маңызды бағыт бар, солардың кейбірі жастар мәселесіне тоқталады.