Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
«Мәскеу - Смоленск - Минск - Брест бағдары бойынша автобуспен жүруі сипатында ұйымдастырылып өтетін шараға үш ел парламенттерінің депутаттары, Кеден одағы мемлекеттерінің кеден және шекара қызметтері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысады. «Дөңгелек үстел» барысында кедендік реттеу, шекаралық бақылау, сыртқы экономикалық қызмет, аймақаралық ынтымақтастық пен Кеден одағына қатысушы елдердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелері талқыланады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.